Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өрт шыққан хостел иелері іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Алматыдағы өрт шыққан хостел
Алматыдағы өрт шыққан хостел. Фото: KAZ.NUR.KZ

Алматыда өткен ӨКҚ брифингінде қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары өртенген хостел иелерін іздеп жатқандарын мәлімдеді. Олардың жеке басы анықталған, бірақ қайда екені белгісіз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифингте Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов құқық қорғау органдары өртенген хостелдің иелері мен жалға алушылардың жеке басын анықтап жатқанын атап өтті.

Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айбат Мұрзамадиевтың айтуынша, бұл тұлғалардың кім екені анықталған.

"Қазір олардың орналасқан жерін анықтау шаралары жүргізілуде. Әзірге олардан ешкім жауап алып жатқан жоқ. Барлық құжатты жинап жатырмыз, мән-жайы анықталып жатыр", - деді Айбат Мұрзамадиев.

Алматыдағы хостелде болған өрт

Бүгін, 30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Ади Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өрттен зардап шеккен тағы екі адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қайғылы жағдай кезінде қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048508-almatyda-policiyasy-ort-syqqan-xostel-ielerin-izdestirip-zatyr/

pixel