Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі өлімнен кейін донор болу туралы ойын айтты

Опубликовано:

Ем алып жатқан науқас
Науқас. Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін мәжіліс кулуарында өлімнен кейін донор болу туралы пікір білдірді. Ол халық мұндай мәселеге дайын болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өлгеннен кейінгі донорлық көптеген елдерде мәселе боп отырғанын айтты.

"Мұнда мәселе медициналық тұрғыда емес: моральдық-этикалық мәселелер бар. Халық өлгеннен кейін ағзасын тірі қалдыруға дайын болуы керек", - деді ол.

Бұл ретте ол Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тізілім бар екенін, кез келген азамат "Электрондық үкімет" арқылы осы мәселе бойынша өз ұстанымын білдіре алатынын атап өтті.

"Бүгінгі таңда 40 мың қазақстандық өз ұстанымын білдірді, оның 15 пайызы келісімін берді. Біз көптеген ақпараттық жұмыс жүргіземіз. Желтоқсан айында үлкен трансплантациялар болды, екі донор болды, олар 9 адамның өмірін сақтап қалды. Талқылап, заң жобасын әзірлейміз", - деді министр.

Журналистер Ажар Ғинияттан "Өлімнен кейінгі донорлыққа келісер ме едіңіз?" деп сұрады.

"Келісемін және қалайтынымды айттым", - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі.

Еске салсақ, жақында "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанда мәйіт донорлығына қатысты заңды өзгертуді ұсынғанын жазған едік. Оның пікірінше, елімізде қайтыс болған азаматтардың ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алуға заң рұқсат етсе, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға болады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл риуаяттан дерек келтіре отырып, мұсылман ғалымдары адамның өмірін сақтау немесе ұзарту мақсатында бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі секілді ағза мүшелерін, тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салуға рұқсат беретінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2055994-densaulyq-saqtau-ministri-donor-bolu-turaly-oiyn-aitty/

pixel