Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжан төтенше жағдайлар министрі Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Жарияланған күні:

AZAL ұшағы құлаған жер
AZAL ұшағы құлаған жер. Фото: Issa Tazhenbayev/Anadolu via Getty Images

Әзербайжан төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Кямаледдин Гейдаровтың мәлімдеуінше, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан үш адамнан басқаларының бәрінің жағдайы жақсы. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ aza.az сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әзербайжан мемлекеттік делегациясын бастап келген министр сәрсенбі күні ұшақ құлаған орында болып, ауруханадағы науқастардың жағдайын да білген.

"Жансақтау бөлімінде жатқан үш адамнан басқаларының бәрінің жағдайы жақсы", - деп мәлімдеген Гейдаров.

Бұған дейін апат орнынан 29 адам облыстың медициналық мекемелеріне жеткізілгені хабарланған. Олардың 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына түскен.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 27 адамның 11-інің жағдайы ауыр, қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлаған

Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала жеткізілді. Екеуіне де ота жасау жоспарланғаны мәлім болған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Маңғыстау облысындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2205179-azerbaizhan-totenshe-zhagdailar-ministri-aqtauda-ushaq-apatynan-zardap-shekkenderding-zhagdaiyn-aitty/