Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжан дәрігерлерін Қазақстанға жібереді
Опубликовано:

Маңғыстауда 25 желтоқсандағы әуе апатынан зардап шеккен жолаушылардың жақын туыстары ауруханада жатқан науқастарға демеу көрсету үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әзербайжан денсаулық сақтау министрілігі мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігі сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, әзербайжан дәрігерлері мен апаттан зардап шеккендердің жақын туыстары Қазақстанға келеді.
"Қазақстанда жолаушы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен үш отандасымыз емделіп жатыр. Науқастар тезірек жазылып кетуі үшін, медициналық көмектен бөлек, оларға моральдық қолдау көрсету жағы да өте маңызды.
Соған байланысты әзербайжан дәрігерлері мен науқастардың жақын туыстары да Қазақстанға барады. Дәрігерлер жергілікті медицина мамандарымен бірге науқастарға көмек көрсетеді. Ал зардап шегушілердің туыстары олардың қалыпты өмірге тезірек оралуына, сауығып кетуіне көмектеседі", - деп хабарлады министрлік.
Сонымен бірге министрлік науқастар жол ауыртпалығын көтере алатын жағдайға жетсе, оларды тез арада Бакуге жеткізетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Әзербайжан билігі аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан үш науқастан басқа азаматтарынан еліне алып кеткен.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушы ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын маңда апатқа ұшырады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, әуе апатынан 38 адам мерт болып, 29 адам тірі қалды. Ұшақ бортында барлығы 67 адам болған.
- Azerbaijan Airlines Ресейдің тағы үш қаласына ұшуды тоқтатты
- Құтқарушы көзімен: ТЖМ қызметкерлерінің апат орнындағы алғашқы минуттары қалай өтті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/2206148-aqtaudagy-ushaq-apaty-azerbaizhan-darigerlerin-qazaqstanga-zhiberedi/