Зектілері

"Күзет қойылды": Ақтөбеде кепілде болған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Науқас
Науқас. Көрнекі сурет: pexels.com

Ақтөбеде кепілде болған әйел жансақтау бөлімінен стационарға ауыстырылды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарнаның хабарлауынша, әйелдің қауіпсіздігі үшін палатаға күзет қойылған, оған дәрігерлерге ғана кіруге рұқсат етілген.

Науқас ауруханаға жабық бас-ми жарақатымен, ми шайқалу белгілерімен, бірнеше дене жарақатымен түсті.

"Әйелдің жағдайы орташа ауыр, науқас толық есін жиған, адекватты, сұрақтарға жауап береді.

Оған консервативті терапия тағайындалды, ол қазір бөлімшеде осы тағайындалған емді қабылдап жатыр, жағдайының орташа ауырлығына оқиғадан кейінгі психологиялық фактордың да әсері бар. Психологтармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз", - дейді нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Оражанов.

Еске сала кетсек, 13 қаңтардан 14-іне қараған түні әлеуметтік желіде белгісіз біреу Ақтөбедегі үйлердің біріне кіріп, бойжеткенді кепілге алғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, 13 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына адамдарды кепілге алу фактісі бойынша хабарлама түскенін мәлімдеді.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылған. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталған. Кейін кепілде болған адамдардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болғаны белгілі болды.

Дәрігерлер кепілден босатылған 40 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр деп отыр. Ат ұсталған азаматтың үстінен екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2211969-kuzet-qoiyldy-aqtobede-kepilde-bolgan-aielding-qazirgi-zhagdaiy-belgili-boldy/