jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    7 жағдай тіркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 704-ке жетті

    : Original

    Коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы 7 науқас анықталды. Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 704-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz cайтына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
    "8 сәуірдің 08:45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 4 адам", - делінген хабарламада.

    Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам,

    Алматы қаласында – 119 адам,

    Қарағанды облысында - 55 адам,

    Ақмола облысында - 42 адам,

    Атырау облысы - 36 адам,

    Жамбыл облысында - 45 адам,

    Шымкент қаласында - 20 адам,

    Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам,

    Алматы облысында - 10 адам,

    Ақтөбе облысында - 11 адам,

    Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,

    Павлодар облысында - 1 адам,

    Маңғыстау облысында - 5 адам,

    Қызылорда облысында - 69 адам,

    Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,

    Түркістан облысында - 33 адам,

    Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 704 науқас тіркелді.

    Еске сала кетсек, елімізде қауіпті дерттен 51 науқас айығып, ауруханадан шықты.

    Ал әлемде соңғы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген.

    Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    7 жағдай тіркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 704-ке жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.