jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда демалыс күндері тауға шығуға тыйым салынды

    : UGC

    Оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағы мен қаланың басқа да көрікті жерлерінде демалыс күндері қыдыруға тыйым салынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіге сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, бұндай шара эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында жасалған.

    "14 шілдеден қатаң карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктер мен туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан және т.б.) көліктің кез келген түрімен баруға тыйым салынады" деді ведомство.

    Аталған аумақтарда жұмыс күндері жаяу немесе велосипедпен серуендеуге болады. Алайда төмендегі ережелерді сақтау керек:

    • тамақ өнімдерін (сусындардан басқа) алып жүруге, пикник жасауға және алау жағуға тыйым салынады;
    • саябақ аумағында үш адамнан артық топпен жүруге болмайды;
    • санитарлық және әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтау (маска тағу және адамдар арасындағы қашықтықты сақтау).

    Ал сенбі және жексенбі күндері ұлттық парк аумағы келушілер үшін жабық.

    "Карантин шараларының сақталуын бақылау жұмысын ТЖД, құқық қорғау органдары, СЭС және ұлттық парк қызметкерлері бірлесе жүзеге асырады. Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тұрғындарға карантин уақытында тауға бармауға кеңес береміз", - дейді қала әкімдігі.

    Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

    "Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

    Одан бөлек, президент шілде айында мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін хабарлады.

    "Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды президент желіде.
    Алматыда демалыс күндері тауға шығуға тыйым салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.