Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға созылады

Опубликовано:

Елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға созылады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Президент Twitter-дегі парақшасында карантин режимінің тағы екі аптаға созылатынын хабарлады.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды мемлекет басшысы.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 59 899-ға жеткен.

Бүгін 13 шілдеде қазақстандықтар коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды аза тұтуда.

Елорда уақытымен 12:00-де республика бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды. Аза тұту күнінде мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарындағы мемлекеттік ту түсірілді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия құрбандарының жақындары мен туыстарына көңіл айтып, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін қайтыс болған екі дәрігерге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беріп, Алтын жұлдыз және "Отан" орденімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864703-tokaev-karantin-rezimini-zartylatynyn-habarlady/

pixel