jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Вирусолог коронавирусты қайта жұқтыруға әсер ететін факторды атады

    Емделу
    Көрнекі фото: pexels.com

    Вирусолог, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының профессоры Анатолий Альтштейн адамның коронавирусты қайта жұқтыру ықтималдылығы және оның неге байланысты болатындығы туралы сөз қозғады.

    Бұл жөнінде Альтштейн Sputnik радиосына берген сұқбатында айтып берді.

    Оның пікірінше, коронавирустан негізгі қорғаныс - адамның табиғи иммунитеті.

    Білікті маман алғаш рет инфекция жұқтырғаннан кейін ағзаның COVID-19-ға қарсы иммунитеті күшейетінін, бірақ бұл әрдайым бола бермейтін жағдай екенін атап көрсетті. Сондықтан Альтштейн осыған дейін вируспен ауырып шыққан адамдардың өз денсаулығына мұқият қарауға, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға назар аударуға және басқалармен бірдей дәрежеде сақтық шараларын сақтап жүруге шақырады.

    Адам коронавируске қайтадан шалдығуы әбден мүмкін, дейді вирусолог.

    "Әйтсе де, бұл вирусты алғаш рет жұқтырғанмен салыстырғанда, сирек кездесетін жағдай. Сол себепті осыған дейін коронавирус инфекциясымен ауырып шыққан адам басқалар секілді әрдайым сақтық шараларын сақтап жүруі керек. Оның үстіне вирусты қайта жұқтыру фактісі сирек кездескен күннің өзінде, адам оған екінші рет шалдыққанда оның салдары біріншісіне қарағанда ауыр болуы ықтимал", - деді Альтштейн.

    Келешекте адамның инфекцияны қайтадан жұқтыру ықтималдығын ол вируске алғаш рет шалдыққан кезде білуге болады.

    Вирусологтың сөзінше, бұндай бағалау жүргізуге иммунитеттің вирусқа алғаш рет қалай реакция танытуы негіз бола алады.

    "Егер вирусты алғаш жұқтыру кезінде иммунитет өте әлсіз болса, онда адам қайтадан ауырып қалуы мүмкін. COVID-19-дың симптомсыз түрімен ауырған адамдар да екінші рет вирус жұқтыруы ықтимал", - деді білікті маман.

    Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болғанын жазған едік.

    Одан бөлек, елімізде карантин кезінде жасөспірімді зорлаушылар саны көбейгенін жазған болатынбыз.

    Вирусолог коронавирусты қайта жұқтыруға әсер ететін факторды атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.