Қазақстанда тамыз айынан бері коронавирустың ең жоғары өсімі тіркелді
Жарияланған күні:

Қазақстанда 613 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Еліміздегі коронавирустың таралуына қатысты 6 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай жарияланды.
Қазақстанда кеше 613 адамда коронавирус дерті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл - елде тәулік ішінде коронавирус дертін жұқтырған 690-нан астам науқас саны анықталған 11 тамыздан кейін тіркеліп отырған екінші максималды өсім. Ресми статистикаға сәйкес, дерт жұқтырушылардың саны екінші апта қатарынан өсіп келеді.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 45
Алматы қаласы - 32
Шымкент қаласы - 3
Ақмола облысы - 38
Ақтөбе облысы - 4
Алматы облысы - 9
Атырау облысы - 15
Шығыс Қазақстан облысы - 253
Жамбыл облысы - 5
Батыс Қазақстан облысы - 44
Қарағанды облысы - 16
Қостанай облысы - 55
Павлодар облысы - 64
Солтүстік Қазақстан облысы - 29
Түркістан облысы - 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 115 439.
Еске салсақ, бұған дейін біз Алматы облысында санитарлық бекет қойылғанын жазған едік. Аймақ тұрғындарының көпшілік орындарда бетперде тағып, үш адамнан артық топталып тұрмауы сұралады. 65-тен асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылады.
Одан бөлек, Шымкентте кезекті рет карантин мерзімі ұзартылғанын жазған болатынбыз. Тиісті құжатқа сәйкес, Шымкентте карантин 23 қарашаға дейін ұзартылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1883503-kazakstanda-tamyz-ajynan-beri-koronavirusty-e-zogary-simi-tirkeldi/