jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда сегіз медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

    Дәрігер1
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда 2020 жылдың қарашасынан бері сегіз медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Алматының бас дәрігері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен қарашадан бастап инфекция жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлем беру тоқтатылғанын айтты.

    "Қарашадан бері сегіз медицина қызметкерінің ауырғаны белгілі болды. Сегізі де қазір тексеріліп жатыр. Кейінгі екі жағдай кардиология орталығынан анықталды. Бұйрық шыққанына қарамастан, инфекция жұқтырғандар есепке алынып, жеке-жеке талқыланып жатыр. Егер олардың жұмыста жұқтырғаны дәлелденсе, бұл сұрақты сол мекеме немесе жергілікті әкімдік күшімен шешеміз деп отырмыз", - деді Табынбаев.

    Оның айтуынша, сегіз медицина қызметкерінің бәрі COVID-19 инфекциясын жұқтырған, арасында пневмонияға шалдыққандар жоқ.

    Айта кетейік, 6 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде коронавирус жұқтырған тағы 775 адам анықталған. Олардың 105-і Алматы қаласынан.

    Жалпы індет басталғалы бері Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 159 819-ге жетсе, оның 19 138-і оңтүстік астанадан.

    Сонымен қатар Шымкент қаласында карантин режимі тағы 2 аптаға ұзартылғанын жазған едік.

    Мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің "Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысына сәйкес, шаһар аумағында 11 қаңтар сағат 00:00-ден бастап 25 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды.

    Алматыда сегіз медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.