jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 190 мыңға жуықтады

    Тұрғындар
    Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Coronavirus2020.kz сайты өз Telegram-каналында өткен тәулікте елімізде коронавирус дертін жұқтырғандардың ресми көрсеткішін жария етті.

    Сайт мәліметтеріне сәйкес, өткен тәулікте 1228 қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталған.

    Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандар:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 130

    Алматы қаласы - 113

    Шымкент қаласы - 13

    Ақмола облысы - 170

    Ақтөбе облысы - 5

    Алматы облысы - 53

    Атырау облысы - 89

    Шығыс Қазақстан облысы - 81

    Жамбыл облысы - 15

    Батыс Қазақстан облысы - 85

    Қарағанды облысы - 63

    Қостанай облысы - 84

    Қызылорда облысы - 3

    Маңғыстау облысы - 9

    Павлодар облысы - 235

    Солтүстік Қазақстан облысы - 76

    Түркістан облысы - 4

    Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 189 131.

    Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың карантинге қатысты жаңа қаулысы шыққан еді.

    Жаңа қаулыға сәйкес, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) іс-шараларды оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады.

    Қаулының толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.

    Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында карантин 2021 жылдың 14 ақпанына дейін ұзартылғаны белгілі болды.

    Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде Алматы облысы жағынан ШҚО-ның сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін қосымша 3 санитарлық бекет қойылады.

    Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 190 мыңға жуықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.