jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 27 адам қаза тапты

    Коронавирус
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 24 сәуірдегі ақпаратты ұсынған Денсаулық сақтау министрлігі ресми Telegram-каналында дерттен қаза тапқандардың санын да жария етті.

    24 сәуірдегі мәлімет бойынша, 40 682 адам коронавирус инфекциясынан (40 172 КВИ+ және 510 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 395 науқас стационарда, 26 287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

    КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

    - 746 адамның жағдайы ауыр;

    - 150 науқастың жағдайы өте ауыр;

    - 93 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

    Ал тәулік ішінде пневмониядан қаза тапқандардың саны төртке жетіп отыр. Жалпы, 1 тамыздан бастап елде пневмонияның 52 348 жағдайы анықталып, оның 768-і өліммен аяқталған.

    Тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 2837 адамға жетіп, 23 адам қаза тапқаны белгілі болып отыр. Жалпы, вирус Қазақстанда таралғаннан бері оны жұқтырғандардың саны 303 570 адамға жеткен, ал қаза тапқандардың саны 3535 адамды құрауда.

    Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова "Қалада шектеу және карантиндік шараларды күшейту шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойғанын жазған болатынбыз.

    Одан бөлек, оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұрынғы қаулыға өзгеріс енгізгенін жазған едік. Жаңа қаулыда Бекшин қала аумағына Ashyq жобасын енгізуді жалғастыруды тапсырған. Сондай-ақ, "сары" және "қызыл" статусы бар азаматтар анықталған нысандар жобадан шығарылатынын атап өткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.