jitsu gif
Денсаулық

    Жағдай ушығуда: Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа өтті

    Алматы
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Қызылорда облысы "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    15 шілдедегі жағдай бойынша, Қызылорда облысынан бөлек "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

    "Сары" аймақта Алматы және Жамбыл облыстары орналасқан.

    Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

    Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 5314 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 472 106-ға жетіп отыр.

    Еске салайық, осыған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілгенін жазған едік.

    Одан бөлек, Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өскенін де хабарлағанбыз.

    Жағдай ушығуда: Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.