jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Бекшин алматылықтарға Арбатта серуендеуге рұқсат берді

    Коронавирус
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматылықтар саябақтар мен жаяу демалыс орындарында серуендей алады. Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері аталған жерлерде демалуға тыйым салған болатын. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында хабарланды.

    Жаңа қаулыға сәйкес бұған дейін, яғни 23 шілдеде жарияланған құжатқа өзгертулер енгізілген.

    Жұма күні қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өз қаулысында демалыс және мереке күндері, сондай-ақ жұмыс күндері сағат 17:00-ден кейін Алматыдағы Панфилов және Жібек жолы көшесіндегі Арбатта серуендеуге тыйым салды.

    Алайда 24 шілдеде жарияланған қаулы бойынша аталған тыйым алынып тасталды.

    Одан бөлек, жаңа құжатта гипермаркеттер мен супермаркеттерге штатты режимде жұмыс істеуге рұқсат берілгені хабарланған.

    Қаулы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.

    Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған 6631 адам тіркелген. Одан бөлек, тағы 2757 адам ауруынан айыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте 74 адам коронавирустың құрбаны болған.

    Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, өткен тәулікте 212 адамға пневмония диагнозы қойылып, 10 науқас көз жұмды.

    Сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жарияланды.

    Оған сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар,Солтүстік Қазақстан Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

    Ал "сары" аймақта Алматы облысы ғана тұр.

    Бекшин алматылықтарға Арбатта серуендеуге рұқсат берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.