jitsu gif
Денсаулық

    Мамандар қандай вакцина мен маска "омикронмен" күресте тиімді екенін айтты

    Маска
    Видеодан кадр: Хабар 24

    "Вальнева" (Valneva) француз компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы "омикрон" штамымен күресте де тиімді болып шықты. Бұл туралы бірлестік басшылығы мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24.

    Мамандардың айтуынша, екпе коронавирустың түпнұсқасымен бірге "дельта" және "омикронға" қарсы сыналған.

    Зерттеулер вакцинаның үш дозасы коронавирустың "омикрон" түрінен толық қорғайтынын көрсеткен.

    Ал америкалық сарапшылар коронавирустың осы түрінен қорғану үшін "Эн95" деп аталатын бетперде тағуға кеңес беріп отыр. Қорғаныш құралы арнайы материалдан жасалғандықтан, зиянды қалдықты 95 пайыз өткізбейтін көрінеді.

    "Бұл бетперденің медициналық және матадан жасалған түрлеріне қарағанда қорғаныш қабаты әлдеқайда мықты. Сондықтан оны "омикрон" көп таралған аймақтарда тағуға кеңес береміз", - дейді жұқпалы аурулар бойынша маман Абраар Каран.

    Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирустың "омикрон" штамы адамнан адамға шаш арқылы жұғатыны туралы дыбыстық хабарлама тараған еді.

    Алайда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл мәліметті теріске шығарды.

    Мамандар қандай вакцина мен маска "омикронмен" күресте тиімді екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.