jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    COVID-19 пандемиясы адамдардың жүйкесіне қалай әсер еткені белгілі болды

    Пандемия кезіндегі инфекциялық аурухананың медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Юлия Абрамова

    Әлемнің 137 ғылыми мақаласын зерттеген ғалымдар коронавирус пандемиясының адамдардың психикалық денсаулығына кері әсері болған-болмағанын анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sciencealert сайтына сілтеме жасап.

    BMJ медициналық журналында жария болған зерттеу жұмысында дүниежүзілік 137 ғылыми мақала сарапталған. Зерттеу нәтижесі бойынша коронавирус пандемиясы адамдардың психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер еткен жоқ деген қорытынды жасалды.

    Ғалымдар Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына коронавирус індеті туралы алғаш рет хабар жеткенге дейінгі 2018-2019 жылдар аралығында зерттеуге алынған адамдарға 2020 жылдан кейін қайта зерттеу жүргізген. Осылайша пандемия басталғаннан кейінгі көрсеткіштерді анықтау мүмкіндігі туған.

    Зерттеушілер тұжырымынша, коронавируспен ауырып шыққан адамдардан депрессия мен мазасыздық сияқты белгілер байқалмаған, ал байқалғанның өзінде олардың статистикалық маңызы жоқ деген қорытынды жасалған.

    Свежая публикация по теме:
    Азияда "Омикрон" өршіді: вакцина егу қайта басталуы мүмкін

    "Көпшілікке мәлім зерттеулердің ішінде біз адамдардан психикалық денсаулығындағы өзгерістерді немесе мазасыздықтың белгілерін таппадық, ал күйзеліске түсу жағдайлары аз мөлшерде ғана тіркелген",деп жазды зерттеушілер.

    Зерттеу нәтижесіне сенсек, психикалық жағдайдың аздап нашарлауы көбіне әйел адамдарда, зейнеткерлерде, ЖОО студенттерінде болған, бірақ дерт айтарлықтай асқына қоймаған.

    COVID-19 пандемиясы адамдардың жүйкесіне қалай әсер еткені белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.