jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өзгенің ұстарасымен қырынған жігіт опық жеп қалды

    Жігіт
    Фото: Jam Press / holterman

    АҚШ тұрғыны Ник Холтерман өзгенің ұстарасымен қырынамын деп қиындықтарға тап болды. Бұл туралы Daily Mail жазды.

    Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласының 24 жастағы тұрғыны Ник Холтерман пәтерде бірге тұратын көршісінің ұстарасымен қырынбақ болады. Ол кейін бұл әрекетіне қатты өкінгенін айтып, көпшілікті өз қателігін қайталамауға шақырды.

    Ескерту: Төмендегі суреттерді жүрегі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен кәмелет жасына толмағандарға қарау ұсынылмайды!

    Жігіт
    Фото: Jam Press / holterman

    Айтуынша, жігіт қырынғаннан кейін бірнеше күн өткенде тынысы тарылып, иегінде жаралар пайда бола бастайды. Қатты шошыған азамат дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.

    Жігіт
    Фото: Jam Press / holterman

    Толық тескеру жүргізген дәрігерлер жігіттің вирустық емес, бактериялық сипаттағы дертке шалдыққанын анықтайды.

    Жігіт
    Фото: Jam Press / holterman

    Ол бұл дерттен арылу үшін ауыр антибиотиктер ішкен. Нәтижесінде жігіт жазылғанымен, дәрілерден асқазанын ауыртып алған.

    Жігіт
    Фото: Jam Press / holterman

    Дәрігерлер жігіттің дерті лас ұстарадан немесе өзгенің терісіне аллергия туындаудан пайда болған деген болжам жасауда.

    Енді жас жігіт ешқашан өзгенің жеке гигиеналық құралдарын пайдаланбайтынын, тек қана өз ұстарасымен қырынатынын айтуда.

    Жігіт
    Фото: Jam Press / holterman

    Ол өзге жандарды да мұндай мәселеге келгенде барынша абай болуға шақырды.

    Еске салсақ, бұған дейін Данияда полицейлерге қарап жөтеліп, "корона" деп айғайлаған жігіттің басы бәлеге қалғанын жазған едік. Келеңсіз жағдай 2020 жылдың наурызында, елде алғаш рет қатаң карантин енгізілген кезде болған.

    Жігіт
    Фото: Jam Press / holterman

    Өзгенің ұстарасымен қырынған жігіт опық жеп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.