Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлерге қарап жөтеліп, "корона" деп айғайлаған жігіттің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Дания Жоғарғы соты полицейлермен орынсыз әзілдескен жігітті 4 айға қамауға алу туралы үкім шығарды деп хабарлайды "УНИАН" ақпарат агенттігі.

Келеңсіз жағдай 2020 жылдың наурызында, елде алғаш рет қатаң карантин енгізілген кезде болған.

Полиция қызметкерлері жігіттің көлігін тексеру үшін тоқтатқанда, жүргізуші полицейлерге қарап жөтеле бастайды және "корона" деп айғайлады. Жігіт дереу қамауға алынып, оған жасалған COVID-19 тесті теріс нәтиже көрсетеді.

Десе де тест нәтижесі жігіттің коронавирус жұқтырғанын жоққа шығарғанына қарамастан, оның үстінен іс қозғалды.

Қалалық сот ер азаматты кінәсіз деп тапқанымен, жоғарғы инстанция соты жігітті жазаға тартуды ұйғарыпты.

Әзілі үшін опық жеген жігіттің апелляциясын сот қанағаттандырмаған.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья коронавирусқа қарсы QazСovid-in вакцинасы антиденені қалай қалыптастыратынын түсіндіріп берген еді.

Оның сөзінше, QazСovid-in вакцинасының толыққанды көрсеткіштері вакцина еккеннен кейін 42 күнде белгілі болады.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық вакцинаның дайын болуын күтіп отырғанын айтқан болатын.

Министрдің сөзінше, елімізде ресми қолдануға рұқсат етілген кез келген қазақстандық, ресейлік вакцина тексеруден өткен әрі қауіпсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905671-policeilerge-qarap-zotelip-korona-dep-aiqailagan-zigittin-basy-balege-qaldy/

pixel