jitsu gif
Денсаулық

    "Есінен танып қалған": оралдық мейірбике ұшақта жағдайы күрт нашарлаған жолаушыны құтқарып қалды

    мейірбике
    Мейірбике. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Оралдық мейірбике ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал-Шарм-эш-Шейх рейсінде жолаушылардың бірінің кенеттен жағдайы нашарлап, қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастаған.

    "Бұл оқиға қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді, бірақ ұшақта Орал қаласының №5 емханасының кеңейтілген практика мейірбикесі Динара Сариева болды.

    Динара бір секунд та ойланбастан жылдам әрекет етіп, бір сағат бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, қонғанға дейін пациенттің жанында болды.

    Қиын жағдайда, ресурстар шектеулі болған кезде, ол бортсеріктермен бірге жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ер адамның жағдайын тұрақтандыра алды", - делінген хабарламада.

    Динара Сариева – кеңейтілген өкілеттіктері бар мейірбике, күн сайын емханада пациенттерді дербес қабылдауды жүргізеді, медициналық көмек көрсетеді, алғы шепте жұмыс істейді.

    Айта кетейік, бұған дейін жоғары білікті реаниматолог дәрігер Шымкенттен Астана қаласына бағыт алған ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалған еді.

    Ол бұл жайт кездейсоқ болмағанына сенімді.

    Сондай-ақ Астана медицина университетінің интерні Қызылорда-Астана рейсі жолаушысының өмірін сақтап қалғанын, кейін осы университеттің тағы бір түлегі, астаналық дәрігер ұшақ бортында хәлі нашарлаған егде адамға көмек көрсеткенін жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.