jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шығыс Қазақстан облысында "гонконг тұмауына" шалдыққандар тіркелді

    бетперде11
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ШҚО-да "гонконг тұмауын" жұқтыру жағдайлары анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

    ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басылымға берген мәліметінше, бұл жаңа вирусты жұқтырғандардың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, оңайлықпен түспейді.

    "Зертханалық мониторинг нәтижесінде облыста А/H2N3 типті тұмаудың, яғни "гонконг тұмауының" 5 фактісі анықталды. Бұл вирусты емдеу жалпы жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу тәртібімен бірдей жүргізіледі", - дейді департаменттің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Әсем Халықова.

    Облыста эпидемиологиялық маусым басталғалы 41 мың ЖРВИ тіркелген. Науқастардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Соған қарамастан, мамандар бұл көрсеткіш былтырғы 2024-2025 маусыммен салыстырғанда 10 пайызға төмен екенін айтқан.

    "Облыста тұмаудан бөлек риновирус, аденовирус және боковирус та тарап жатыр. Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанғандар санының өскені байқалады", - дейді Әсел Халықова.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде тұмау өршіп, науқастар ауруханаға сыймай жатқаны хабарланған еді. Вирус жұқтырғандардың дені – балалар.

    Шығыс Қазақстан облысында "гонконг тұмауына" шалдыққандар тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.