jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Әйелдердің қанша жасқа дейін балалы болғаны жөн

    : Twitter

    Екі жас шаңырақ көтеріп, үйленгеннен кейін жылдамырақ балалы болғанды қалайды. Тіпті, айналасындағылардың бәрі қашан сәбилі болар екен деп қызықтаумен болады. Осы ретте репродуктолог маман қай жасқа дейін нәрестелі болу керектігін айтып берді деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ

    порталы Риа Новостиге сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

    Репродуктолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ксения Краснопольскаяның сөзінше, әйел адам 35 жасқа дейін балалы болғаны дұрыс. Өйткені әйелдердің ұрпақ жаңғырту қызметі жас факторымен шектелген. Яғни келіншектердің жасы ұлғайған сайын оның жүкті болуына мүмкіндік азая бастайды..

    "Ең дұрысы баланы 35 жасқа дейін босану керек, өйткені одан кейін бала туу мүмкіндігі төмендейді, сондықтан бірінші баланы ертерек босанған абзал", - деді дәрігер.

    Ол барлық дамыған елдерде репродуктивті мінез-құлықтың өзгеруімен байланысты бедеулік мәселесі белең алып келе жатқанын атап өтті.

    "Егер XIX ғасырда әйелдер бірнеше рет бала көтеріп, босанып, оны емізсе, қазір олар әртүрлі себептермен алдымен білім алады, мансабын жасайды, материалдық жағдайын қамтамасыз етеді, содан кейін бала туралы ойланады", - деді Ксения Краснопольская.

    Оның айтуынша, егде жаста жүкті болған жағдайда әртүрлі аурулармен ауыру қаупі де жоғары.

    Еске сала кетсек, британиялық Эми Палмер бес айлық ұлын емізіп отырған кезде кеудесінде ісіктің барын анықтаған. Бұл дерт баласы омырауындағы түйінді қолымен ұстағаннан кейін белгілі болған.

    Сондай-ақ, қазақ эстрадасының жұлдызы Жазира Байырбекова 22 жылдан кейін сүйген қызының кімге ұқсайтынын айтып берді. Өнер иесі сәбиі Дараның әкесі Жанболат Ербатыровтан айнымай қалғанын жеткізген.

    Әйелдердің қанша жасқа дейін балалы болғаны жөн

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.