jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Атырауда мұздатқышқа салынған шақалақ өздігінен тыныс алған (видео)

    Нәресте
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Сараптама қорытындысы бойынша, Атырау перзентханасындағы мұздатқышқа салынған шақалақтың туғанда өздігінен тыныс алғаны анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сот отырысы барысында жантүршігерлік жайтқа қатысты сараптама қорытындылары жария болды. Ел арасында резонанс тудырған қылмыстық істе куәгерлерден жауап алынып жатыр.

    Сот-медициналық сараптама орталығының маманы сот отырысына Қарағандыдан ғаламтор арқылы онлайн қосылды. Сараптама орталығының маманы істе куәгер ретінде қатысып жатыр. Оның айтуынша, жаңа туған нәресте өздігінен тыныс алған. Оған өкпеге жиналған оттегі дәлел болыпты.

    "Нәрестенің өкпесі тірі баланікі сияқты өздігінен тыныс алған. Сәбиде өкпесі оттегіге толған кезде формасы өзгереді. Тағы бір белгісі капилляры оттегіні жұтқанда қанға толған. Мұндай белгілердің барлығы баланың тыныс алғанын дәлелдейді", - дейді куәгер Венера Шығапова.

    Нұр-Сұлтаннан байланысқа шыққан әріптестері де шақалақтың мұздатқышқа бармай тұрып, тыныс алғанын растап отыр. Гистологиялық зерттеу жүргізген Астана медициналық университетінің қызметкері өз ойын ортаға салды.

    "Мен гистологиялық зерттеу нәтижесінде өкпесі ауаға толғанын анықтадым. Нәресте тыныс алған", - дейді куәгер Кенжеқыз Манекенова.

    Байланыстың нашар болуы салдарынан өзге өңірлердегі куәгерлерден жан-жақты жауап алу мүмкін болмады. Бұл жағдай айыптаушылар мен адвокаттардың ашуын келтірді. Мемлекеттік айыптаушы куәгерге "нәресте туғанда дәрігерлер дер кезінде тиісті көмек көрсетпеген бе?» деген сұрақ қойды. Алайда бұл сұраққа басты айыпталушы ретінде танылып отырған перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев қарсы шықты.

    Қылмыстық істің сотта қаралып жатқанына төрт айдан асқан. Жантүршігерлік жағдайға қатысты бас дәрігерден бөлек, оның төрт әріптесі айыпталып отыр. Олар базадағы құжатты өзгертпеу үшін тірі туған шақалақты мұздатқыш камерада қалдырды деген күдікке ілінген.

    Еске салсақ, бұған дейін біз сәбиді тоңазытқышқа салған дәрігерлердің аудиосы жарияланғанын жазған едік.

    Өткен жылдың күзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Атырау облысы перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты, сондай-ақ жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған акушер-гинекологты ұстаған еді. Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген.

    Атырауда мұздатқышқа салынған шақалақ өздігінен тыныс алған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.