Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ-те автоматтандырылған мақалалардың жаңа түрлері пайда болды

Опубликовано:

Жобаны талқылау
Жобаны талқылау. Көрнекі сурет: NUR.KZ

NUR.KZ-тегі соңғы жаңашылдықтардың бірі – кешенді аналитикалық талдауды қажет етпейтін белгілі бір мақала түрлерін әзірлеудің автоматтандырылған алгоритмі. Жақында мұндай мақала түрлерінің тізімі кеңейтілді.

NUR.KZ валюта мен криптовалюта бағамдары, сондай-ақ футбол матчтарының нәтижелері туралы жаңалықтар дайындау үшін ақпаратты автоматты түрде шығаратын арнайы алгоритм әзірлегенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы уақытта редакция жұмысын оңтайландыру және оқырмандарды ақпаратпен қамтамасыз етуді жеделдету мақсатында арнайы алгоритмнің көмегімен әзірленетін жаңалықтар тізімі кеңейді. Оларға енді мыналар да кіреді:

  • теннис чемпионаты матчтарының нәтижелері бойынша жарияланымдар;
  • UFC матчтарының нәтижелері бойынша жарияланымдар;
  • Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамы ұсынылған күнделікті және апта сайынғы мақалалар.

Мұндай мақалаларға енді "Автоматтандыру тәсілімен әзірленді" деген белгі қойылады. Бұл тізім алдағы уақытта кеңейтілетін болады. Алгоритм журналистің қатысуын, зерттеуді, талдауды, салыстыруды, сараптамалық түсініктемелерді немесе оқиға орнында хабарлауды қажет ететін материалдарға қолданылмайды.

Мақалалар сайттың екі нұсқасы үшін де орыс және қазақ тілдерінде жарияланады (сол жақтағы жоғарғы панельде орналасқан мәзір арқылы сайт тілін ауыстыруға болатынын еске саламыз). Материалдар алдын ала дайындалған мәтін үлгісі бойынша жасалады және ондағы ақпарат біздің API деректеріне негізделген алгоритм арқылы автоматты түрде толтырылады әрі оны редактор жарияламас бұрын міндетті түрде тексереді.

NUR.KZ тобының алгоритмге қатысты жасаған барлық жұмысы оның функционалдығын кеңейтіп, тиімдірек етуге мүмкіндік берді. Алгоритмге қатысты жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды және болашақта өзге де жаңартулар болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2040553-nurkz-te-avtomattandyrylgan-maqalalardyn-zana-turleri-paida-boldy/

pixel