Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі әуретті жері ең үлкен адам жыныс мүшесін кішірейтуден бас тартты (фото)

Опубликовано:

Жыныс мүшесі 45 сантиметрге жететін Мексика тұрғыны Роберто Кабрера мүгедектер қатарына жатқызылғанымен, жыныс мүшесін кішірейту отасынан бас тартты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Barcroft TV мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде ол биліктен қаржылай көмек алып отыр деп жазады "Лайф".

"Мен әуретті жерімнің үлкендігімен әлемге танылдым. Бұл ерекшелігімді Гиннестің рекордтар кітабына тіркегім келді. Алайда олар бас тартты", - дейді Роберто Кабрера.

Дәрігерлер оған жыныс мүшесін кішірейту отасын жасауды ұсынған. Себебі бұл ерекшелігі оған әйелмен төсек қатынасына түсіп, балалы болуға мүмкіндік бермейді. Алайда Роберто отадан түбегейлі бас тартты.

"Жыныс мүшесінің үлкендігі оның бар ойын жаулап алған", - дейді дәрігерлердің бірі. Ақ халаттылар Робертоның денсаулығына алаңдап отыр. Себебі әуретті жері үлкен болғаннан жұқпалы ауруларға бейім әрі қозғалысына кедергі келтіреді.

Ер адам АҚШ-та тұрғанда екі рет жыныстық қатынасқа түсіп көрмек болды. Алайда оның әуретті жерінен әйел атаулы шошып, қашып кететінді шығарған.

Роберто өзіне лайық жұмыс таба алмай қиналуда.

"Мен тізерлей алмаймын, форма кие алмаймын, тез жүгіре алмаймын. Жұмыс берушілер мен туралы бірден жаман ойлар кетіреді. Мен биліктен мүгедектер қатарына жатқызылғандықтан, әр төрт айда жәрдемақы алып тұрамын. Алайда бұл ештеңеге жетпейді", - деп мұңын шақты мексикалық азамат.

Ер адам өзіне лайық жар тауып, болашақта порноиндустриядан жұмыс табуға дәмелі.

"Жыныс мүшемнің үлкендігі маған ұнайды. Болашақта АҚШ-қа қайтып оралып, сол жерде өмірімнің соңына дейін тұрғым келеді", - дейді Кабрера.

Тағы да оқыңыздар:

Шымкентте бір түндік пәтерді жағалаған қыздар көршілерге таңға дейін ұйқы бермейді (фото, видео)

Алматыда қаза тапқан Өркеннің әкесі әйелін ортақ қыздары үшін кешіруге дайын

Шенеуніктерден ақша бопсалаған журналист түрмеден құтылып кетті

Универсиадаға келген спортшылардың көшін қытайлықтар бастады

Үй жануарларын сүю арқылы сіз қандай ауру жұқтырасыз?

Қызылордада әкім есебінің соңы айқайға ұласты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1386645-auretti-zherininh-ulkendigimen-alemge/

pixel