Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"329 миллион": Іnstagram желісінде оқырманы ең көп парақшалардың иесі кім

Опубликовано:

Бүгінде әлеуметтік желіге күнделікті суреттерін жариялап, өміріндегі қызықты оқиғалармен бөлісіп отыратындар көп. Тіпті, оқырман жинап, соның арқасында мол табыс тауып жүргендер де жетерлік. Осы ретте KAZ.NUR.KZ sm-news.ru-ға сілтеме жасап Instagram-да оқырманы ең көп парақшалардың тізімін жасады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Төменде көрсетілетін тізімде қазақстандықтардың парақшасы жоқ, тек шетелдік танымалдардың аты аталған.

Instagram-ның ресми парақшасында - 329 миллион оқырман бар

Бұл аккаунты әлемнің түкпір-түкпіріндегі жазылуышалар бақылап отырады. Мұнда көбінесе, табиғат, жануарлар, әлемнің ғажайып жерлері мен қызықты адамдардың суреті жарияланады.

Криштиану Роналду - 199 миллион оқырман

Португалия ұлттық құрамасы мен италиялық "Ювентустың" шабуылшысы Роналдудың өміріне қызықпайтын жан кемде кем. Бұл сөзге оның парақшасына жазылған 199 млн адам дәлел.

Ариана Гранде - 172 миллион оқырман

Ариана Грандеге 170 млн адам тек әдемі дауысы үшін ғана емес, оның жеке өмірі үшін де қызығады.

Дуэйн Джонсон - 169 миллион оқырман

Жасы мен тығыз күн тәртібіне қарамастан Джонсон дене бітіміне ерекше мән береді. 170 млн-ға жуық оқырманы актерді дәл осы қыры үшін жақсы көрсе керек.

Селена Гомес - 166 миллион оқырман

Селена Гомес әлем халқына 2007 жылдан бері жақсы таныс. Жағымды дауысы, әдемі келбетімен қатар актерлік шеберлігінің арқасында оны әлеуметтік желіде 166 млн адам оқиды.

Кайли Кристин Дженнер - 158 миллион оқырман

Кайли - америкалық модель, бизнес ханшайымы, әлемнің ең жас миллиардері, бір қыздың анасы.

Айта кетсек, бұған дейін 2019 жылы Instagram арқылы ең көп табыс тапқан он жұлдыздың тізімін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837428-329-million-instagram-zelisinde-okyrmany-e-kp-paraksalardy-iesi-kim/

pixel