Туған күнін дүкенде атап өткен сегіз жасар қыз бала жұртты таңғалдырды
Жарияланған күні:
АҚШ-тың Джорджия штатының Брейден Лоуренс есімді кішкентай тұрғыны жергілікті "Target" дүкеніне барғанды жақсы көреді. Сол себепті ол туған күнін дәл осы дүкенде атап өтуге шешім қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.
Жуырда сегіз жасқа толған Брейден анасына туған күнін сүйікті дүкенінде атап өткісі келетінін айтқан. Әйел адам қызының көңілін түсірмеу үшін не де бослса дүкенге барып, әкімшілікпен жеке сөйлесуді жөн көрген.
"Target" қызметкерлері кішкентай қыздың арманын орындауға бөгет болмай, керісінше, оның тілегін орындауға тырысқан.
Сөйтіп, кішкентай Брейден туған күнін тойлау үшін құрбыларымен бірге дүкенге барды. Барлық қыз балалар дүкеннің арнайы киімін киіп жүрген, ал қызметкерлер оларға арнайы таңбалар берген.
Балалар тек көңіл көтеріп қана қоймай, жұмыс істеп те үлгерген. Олар мәселен кассир қызметін атқарып, тауарларды сөрелерге қойып шыққан.
Әрине, сатып алушылар үшін мұндай балалар мерекесі таңғаларарлық жайт болған. Десе де, олар туған күн иесі үшін "Target"-тің әлемдегі ең керемет жер екенін білген кезде езулерін жия алмаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бүгінде дүкен сөрелерінен оңайшылықпен табылмайтын 90-жылдардың ең танымал өнімдері туралы жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841714-tugan-knin-dkende-atap-tken-segiz-zasar-kyz-bala-zrtty-tagaldyrdy/