Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайнаған майға қолын салған танымал блогер аман қалды

Опубликовано:

Physics Girl ютуб-арнасын ашқан америкалық ару Дайанна Коуэрн қайнап тұрған майға қолды салып, қалай күйіп қалмауға болатынын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайнаған майға қолын салған блогер аман қалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Дайанна өз арнасында физиканың шын мәнінде өте қызықты екенін дәлелдеуде. Соңғы тәжірибесінде ару қайнаған майға қолын салып, жұртты таңғалдырған болатын.

Әуелде бойжеткен төрт литр жүзім майын 176 градусқа дейін қыздырды. Сұйықтықтың өте ыстық екенін дәлелдеу үшін қыз оған су бүркіген. Ал содан кейін оның ішіне шұжықты тастады. Бірнеше секунда өнім күйіп кете жаздады.

Ал уақыты келгенде ол майға қолын салатынын айтып, алайда жанына суық су мен өрт сөндіргішті қойып қойғанын хабарлады.

Сондай-ақ, ол барша көрерменге бұл тәжірибені үй жағдайында жасауға болмайтынын еске салды.

Дайанна Коуэрн қайнаған майға қолы салып, оны сау күйінде қайта алып шықты. Оның айтуынша, бұл - жай ғана физика заңы.

Күйіп қалмау үшін ару Лейденфрос әдісін қолданған. Ол қолын майға салмас бұрын, оны суық суға батырған.

Қол кастрюльге салынғанда суық су ыстық сұйықтықпен әрекеттесіп, буға айнала бастады.

Естеріңізге сала кетейік, тікелей эфирде жүргізушіге шабуылдаған маймылдың желіні шулатқаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860785-kajnagan-majga-kolyn-salgan-tanymal-bloger-aman-kaldy/

pixel