PlayStation үшін арықтауға келіскен жігіт сымбатты денесімен елді тамсандыруда
Жарияланған күні:
Англия тұрғыны Зак Джордж артық салмағынан арылса, ата-анасы оған ойын приставкасын сыйлаймыз деп келіскен. Оның спортқа деген қызығушылығы оянғаны соншалық, енді Зактың ойынға мүлде зауқы жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.
Зак бірнеше жылдар бойы сыныптағы балалар арасында ең ірісі болған. Ол тек тәттілер мен фаст-фудтың түрлерін жеп, салдары туралы тіпті, алаңдамаған.
Ал ата-анасы ұлының денсаулығы мұндай тамақтану әсерінен нашарлайтынын сезіп, оған жаңа PlayStation алып береміз деп шешеді. Сөйтіп, Закқа шарт қояды. Шарт – ол артық салмақтан арылу керек. Осы сәттен Зактың өмірін түбегейлі өзгертер ауыр кезең басталды.
"Алғашында мен PlayStation үшін салмақ тастағым келді. Салмағымды бір қалыпқа келтіруді өзім үшін жасағым келмеді", – дейді Зак.
Закқа арманындағы ойын приставкасына қол жеткізу үшін зиянды тамақтардан, шоколад пен бургердан бас тартуға тура келеді.
Көп ұзамай Зак артық салмақтан арыла бастайды, сөйтіп өз сыйлығына қол жеткізді. Алайда бозбала өмірінде жаңа қызығушылық пайда болғанын түсінеді. Ол – салауатты өмір салты.
"Санада үлкен өзгеріс болды, өйткені мен мұны тек өзім үшін жасағым келетінін түсіндім. Дәл сол кезде біз отбасымызбен қоса денсаулығымызға жіті қарай бастадық", – деді Зак Джордж.
Жақында Зак 29 жасқа толды және Ұлыбританиядағы ең мықты адамдардың бірі. Ол өзінің балалық шағы туралы сөйлесуге мүлде қарсы емес, өйткені жігіт өзінің қандай күйде болғанын және қай жолмен жүргенін әрқашан өзінің есіне салып тұрады. Зактың ойынша, спортқа деген мотивацияны іздеуде ең бастысы – мұны өзің үшін жасау.
"Мені енді көрген адамдардың көбі әуелгіден денсаулығым жақсы болды деп ойлайды. Кейін бұрынғы суреттерімді көргенде сене алмайды. Бұл әрдайым оларды ынталандырады, өйткені олар менің өзім формада қалу үшін жұмыс жасап, диета ұстануым керек екенін түсінеді",– дейді Зак Джордж.
Айта кетейік, бұған дейін орта мектепте оқып жүрген кездегі салмағы 108 келі болған арудың адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862611-playstation-sin-aryktauga-ude-bergen-zigitti-ata-anasy-tanymaj-kaldy/