Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалбарындым": Суға батқанда Құдайдан көмек сұраған ер адам аман қалды

Опубликовано:

Макдональд 654
Джимми Макдональд. Фото: Unilad

Бұрынғы әуесқой боксшы Джимми Макдональд Нью-Йорк штатындағы Джордж өзенінде байдаркамен жүзіп жүріп, суға батып кете жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам судың ағысымен алысқа кетіп қалған. Жағаға қайтуға әрекеттенген кезде толқын күшейіп, қайығы аударылып кеткен. Сөйтіп, ескегін жоғалтып алған.

"Бірнеше адам жанымнан жүзіп өтіп, көмек керек пе деп сұрады. Бірақ көмек сұрауға намысым жібермеді. Кейіннен жағадан тым алыс кетіп қалғанымды түсіндім", – дейді ол.

Джимми бір қолымен байдарканы, екінші қолымен 1400 долларлық қымбат смартфонын суға түсірмей ұстап тұрған. Бірнше минут бойы қайықты аударуға тырысқанымен, әрекеті сәтсіз болған.

"Өлдім деп ойладым. Дәрменсіз күйге жетіп, ертекер көмек сұрамағаныма өкіндім. Құдайға жалбарынып көмек сұрадым. Кейін қайықты көрдім", – деп есіне алды Джимми.

Қайықта дін қызметшілері болған. Олардың бірі ер адамды байқап қалып, капитанға хабар берген.

Олар қалжыраған Джиммиді судан алып шығып, қайыққа отырғызған. Сөйтіп дұғаларын оқыған. Ер адамның өзі басынан өткен оқиғасын көктен берілген белгі деп біледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар алапат тайфуннан қалай аман-есен қалғандарын айтып берді. Өткен демалыс күндері екі елде "Хайшен" тайфуны соққан болатын.

Сондай-ақ бұдан бұрын көршілес жатқан Қытайдың шығыс аймағында орын алған су тасқыны салдарынан Цзянси қаласының 589 мың тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873163-zalbaryndym-suga-batkanda-kdajdan-kmek-sragan-er-adam-aman-kaldy/

pixel