jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жапонияда ұшақ маска тақпаған жолаушы үшін шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды

ұшақ борты 654
Көрнекі фото: pixabay.com

Жапонияда Peach Aviation әуе компаниясының ұшағы коронавирус пандемиясы кезінде ұшу ережелерін сақтаудан бас тартқан жолаушы үшін шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияның NHK телекомпаниясы мәлім еткендей, аталған әуе кемесі Осака қаласына қарай бағыт алған. Ұшақ бортында 124 адам болған.

Маска тақпай отырған жолаушыны көрген бортсерік ер адамға ескерту жасаған. Алайда, ол талапты орындаудан бас тартқан екен.

Сол кезде ұшқыш шұғыл түрде Ниигата қаласының әуежайына қонуға шешім қабылдаған. Сол жерде қауіпсіздік шараларын орындаудан бас тартқан жолаушы борттан түсіріліп, әуе сапары ары қарай жалғасқан.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте Қазақстанның тағы екі елмен әуе қатынасын қайта жандандыратыны белгілі болды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, еліміз Қырғызстан және Өзбекстанмен арадағы әуе қатынасын 10 қыркүйектен бастап қайта жандандыруды жоспарлап отыр.

Мұндай шешімді мекемеаралық комиссия қабылдағаны анықталды. Аталмыш мекеме Ресеймен әуе қатынасын қайта жандандыру мәселесі енді ғана қарастырылып жатқанын алға тартты.

Сондай-ақ бұған дейін Air Astana әуе компаниясының өкілі Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы қашан ашылатынын айтып берген болатын.

Компанияның мәліметінше, елімізден Ресейге әуе қатынасы қалпына келген жағдайда, бірінші кезекте рейстер Мәскеу мен Санкт-Петербург бағытында жүзеге асырылмақ.

Жапонияда ұшақ маска тақпаған жолаушы үшін шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.