Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміз 10 қыркүйекте тағы екі елмен әуе қатынасын қайта жандандырады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: aviav.ru

Қазақстандықтар көп ұзамай Қырғызстан мен Өзбекстанға бара алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, еліміз Қырғызстан және Өзбекстанмен арадағы әуе қатынасын 10 қыркүйектен бастап қайта жандандыруды жоспарлап отыр екен.

Мұндай шешімді мекемеаралық комиссия қабылдағаны анықталды. Аталмыш мекеме Ресеймен әуе қатынасын қайта жандандыру мәселесі енді ғана қарастырылып жатқанын алға тартты. Оған белігілі бір себептер бар болған.

"Мұнда мәселе ресейлік тарапта болып отыр. Олар өз елінде біздің еліміздің азаматтары үшін репатриациондық рейстерден өзге барлық рейстерді жауып тастаған. Әзірге олардың тарабынан ешқандай жауап келмеді", - деп хабарлады мекемеаралық комиссияның баспасөз қызметі өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін Air Astana әуе компаниясының өкілі Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы қашан ашылатынын айтып берген болатын.

Одан бөлек, 27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер қайта жанданатыны хабарланған. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Түркия 5 тамызда Қазақстаннан келетін жолаушыларға шектеу қойған еді. Рейстер кестесін әуе компанияларының сайттарынан көруге болады. Сондай-ақ ұшу кезінде барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталатыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873282-elimiz-10-kyrkjekten-bastap-tagy-eki-elmen-ue-katynasyn-kajta-zandandyrady/

pixel