Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар адам терісінің жағдайын қалай жақсартуға болатынын анықтады

Опубликовано:

Тері
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ ғалымдары адам терісінің жағдайын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ntv.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ елінің Биотехнологиялық ақпарат Ұлттық орталығының мамандары зерттеу жүргізе келе, адамның терісін ұннан жасалған тағамдардан бас тарту арқылы жақсартуға болатынын анықтады.

Ұн қосылған тағамдар мен нанды шектен тыс жиі пайдалану түрлі тері ауруларының туындауына әкеліп соқтырады екен.

Олар мұндай тоқтамға экзема дертіне шалдыққан 170 науқасқа тәжірибе жүргізу барысында келген. Ғалымдар ақ ұнның құрамында глютен болатынын ескертуде.

Зерттеуге қатысқан науқастар күнделікті тағамдарынан құрамында глютен бар заттарды, ұнды, сүт өнімдері мен фастфудты алып тастаған.

Нәтжесінде ас мәзірінен ақ ұнды алып тастаған науқастар жағдайы жақсара бастағанын байқаған. Олардың тері құрғақтығы азайып, терісінің қышуы басыла бастапты.

Одан бөлек, ғалымдар теріні жақсарту үшін картоп, томат, баклажан, бұрыштан бас тартуға кеңес беруде. Аталмыш өнімдердің орнына балық немесе кез келген өзге көкөніс жеген абзал дейді мамандар.

Ғалымдар экземадан нақты дәрі табылмағанымен, дұрыс тамақтану аурудың белгілерін басуға көмектесетінін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін біз Австралия ғалымдары адамдардың дені не себепті түсін есінде сақтай алмайтынын анықтағанын жазған едік.

Одан бөлек, АҚШ ғалымдары мінсіз төсек қатынасының қанша уақытқа созылуы керектігін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875779-galymdar-adam-terisini-zagdajyn-kalaj-zaksartuga-bolatynyn-anyktady/

pixel