Швеция коронавирустан жасырынғысы келетіндерге арнайы қонақүй ұсынды (фото)
Жарияланған күні:

Швеция жартасты аралдағы арнайы қонақүйде пандемиядан жасырынуды ұсынды деп хабарлайды Daily Mail.
Швеция өзін өзі оқшаулаудың ерекше жолын ұсынып отыр - елдің батыс жағалауындағы оңаша тасты аралдағы қонақүй келушілерге есігін ашқан. Қонақүйдің жанында тек шамшырақ (маяк) бар.

Жартасты аралдағы қонақүй барлығы 18 адамды қабылдай алады, бірақ қаласаңыз өз қаражатыңызға Хамнескар аралында жалғыз бола аласыз.

Коронавирустан қорқатын және өзін өзі оқшаулауға ұмтылатындар үшін немесе басқа адамдардан аулақ болуды қалайтындар үшін Швеция Хамнескар аралында "Патер Ностер - көкжиекте тұрған үй" атты қонақүйді назарға ұсынды.

Қонақүй мұндай атауға 1868 жылы аралда салынған шамшырақтың арқасында ие болған. Оған жету қауіпті болып саналғаны соншалық, теңізшілер әрдайым латын тілінде дұға оқитын.

Ұзақ уақыт бойы қаңырап қалған шамшырақ сақшысының үйі қонақүйге айналдырылған.

Тоғыз бөлмелі қонақүйге 18 адамға ғана сыяды. Бұл үй шамшырақ сақшысына және оның отбасына салынып, оның тұрғындары 110 жыл бойы кемелері апатқа ұшыраған теңізшілерді құтқару үшін шырақтың жағулы күйде тұруын қадағалап келген.

Қонақүй директоры Мирья Лилья Хагсье ескі шамшырақ иесінің рухы қонақ үйді кезіп жүргеніне айтады.
"Бұл үй тарихқа толы", - деді ол.

Өркениеттен жасырынуды қалайтындар мұнда уақытын тиімді өткізе алады. Яғни балық аулап, желкенді қайыққа отырып, дайвинг немесе швед тағамдарын әзірлеуді үйрене алады.


Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда тағы 179 адамнан коронавирус анықталғанын жазған едік.
Одан бөлек, елімізде коронавирусқа қарсы күреске қосымша 238,7 миллиард теңге бөлінетінін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881096-svecia-koronavirustan-zasyryngysy-keletinderge-arnajy-konakj-syndy-foto/