Үш күн бойы дала кезген мысық қожайынын қарызға батырды (фото)
Жарияланған күні:
Таиландта жоғалып кеткен мысық үш күннен кейін табылды. Алайда оның мойнына ілінген қағаз қожайынын таңырқатқан деп жазады news.liga.net.
Таиланд тұрғыны мысығын үш күн бойы жанұшыра іздеген. Иесі үй жануарын тапқан кезде мысықтың мойнында оның "нашар борышкер" екендігі туралы жазба болған деп хабарлайды Indian Express.
Жазбада оның үш скумбрия қарыз екендігі туралы айтылған. Сондай-ақ егер мысық өздігінен қарызды қайтара алмаса, онда оның иесі берешек болатындығы сөз етілген.
Үй жануарына скумбрияларды балық дүкенінің иесі берген көрінеді.
Ер адам бұл оқиғаны көршілеріне айтқан кезде, олар мысықты қарыздан құтқару үшін жұмыла көмектесуге әзір екендіктерін жеткізген.
Алайда қожайыны мысығының жеген балықтары үшін ақшаны өзі төлейтінін алға тартыпты.
Еске салсақ, бұған дейін біз тұрмыс құратынымен мақтанбақ болған арудың неке жүзігін иті жұтып қойғанын жазған едік.
Одан бөлек, Нидерланд елінің тұрғындары күйзелістен арылу үшін сиырды құшақтауды ұсынғанын жазған болатынбыз. Koe knuffelen (сиырдың құшағы) деп аталатын күйзеліспен күресудің жаңа әдісі Нидерланд елінде ғана емес, бүкіл әлемде ерешке сұранысқа ие болып келеді.
Сонымен қатар Германияда сиырлар арасында сұлулық байқауы өткенін жазған едік. Нәтижесінде жүздеген ірі қараның ішінен "ең көріктісі" таңдалған.
"Ең көрікті сиырдың" салмағы 800 келі, ал жүні барқыт сияқты жұп-жұмсақ әрі жылтыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882813-s-kn-bojy-dala-kezgen-mysyk-kozajynyn-karyzga-batyrdy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.