RU

Cтуденттерге оқу ақысын ағаш жапырағымен төлеуге рұқсат еткен оқу орны жұртты таңырқатты

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Индонезиядағы оқу орындарының бірі студенттерге пандемия кезінде оқу ақысын кокос және ағаш жапырақтарымен төлеуге рұқсат етті деп жазады novosti-n.org.

Индонезияның Бали аралындағы Venus One туристік академиясының студенттеріне оқу ақысын жиналған кокос пен моринга жапырақтары арқылы төлеуге ресми рұқсат берілді.

Пандемияға байланысты оқу ақысын төлей алмайтын студенттер үшін бұл қуанышты жаңалық болған деп жазады The Bali Sun.

Білім беру мекемесінің өкілі Ваян Пасек Ади Путраның айтуынша, бұған дейін коронавирус салдарынан қаржылай қиындыққа тап болған студенттерге оқу ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі беріліп келген. Алайда кейіннен оқу ақысын ақшамен емес, жапырақтармен қабылдау шешімі шығарылыпты.

"Біз студенттерді қоршаған табиғи ресурстарды пайдалануға тәрбиелеуіміз керек. Осылайша, пандемия аяқталғаннан кейін олар маңызды тәжірибе жинайды және оларды ендігі қарапайым жұмысшылар қатарында болмайды", - деді Ваян Пасек.

Ол академия студенттердің жинап-өткізген жапырақтарынан сабын, ал кокос жаңғағынан май жасап, табысын еселейтінін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан облыстарының бірінде екінші тоқсаннан бастап мектепке баруға рұқсат етілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Орталық Африка Республикасында ағартушылық қызметпен айланысып жүрген қазақ қызы Айман Мәмедалиева жырақтағы жұмысы туралы айтып бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1883404-ctudentterge-oku-akysyn-agas-zapyragymen-tleuge-rksat-etken-oku-orny-zrtty-tayrkatty/