Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтсіз селфи жасаған жігіт ғашығының көзіне шөп салғанын байқатып қойды (фото)

Опубликовано:

Селфи
Көрнекі сурет: pixabay.com

TikTok қолданушысы жігітінің опасыздығын сәтсіз жасалған селфи арқылы біліп қойғанын айтып, көпшіліктің назарына ілікті деп жазады golos.ua.

Бойжеткен жігітінің селфиінен оның өзгемен көңіл жарастырғанын айқын дәлелмен тапқан. Бұл туралы TikTok-та видео жария еткен ару 1 миллионнан астам қаралым мен мыңдаған пікірге ие болды.

"Бір кездері 4 жыл бойы кездесіп жүрген жігітім маған ұсталып қалды. Оның көзілдірігінде қандай кескін бейнеленгенін қараңыз", - деп жазды Сидни Кинш.

Ол көлік жүргізіп бара жатып, күн көзілдірігімен селфиге түскен жігітінің суретін көптің назарына салады.

Селфи
Фото: golos.ua

Суретте жігіт тағып алған көзілдіріктен оның қасында өзге әйелдің отырғаны байқалып қалған. Әйел көліктің терезесінен аяғын шығарып алып, жайбарақат отырғаны анық көрінеді.

"Мен оған қоңырау шалып, Snapchat-ынан опасыздығының дәлелін тауып алғанымды айттым. Жігітім қылмысы ашылып қалғаны туралы мүлде ойламаған. Мен оған селфиін қайта жібергенімде, ол менің есімнен адасқанымды айтумен болды. Артынша, ол көлікте отырған досының құрбысы екенін айтып ақталды", - деп есіне алды бойжеткен.

Алайда бір аптадан кейін Кинш өзінің опасыз жігітінің бір айдың ішінде бес түрлі әйелмен кездескенін біліп, онымен ажырасуға бел буған. Синдидің детективтік шеберлігіне тәнті болған жұрт оған 175000-нан астам лайк басып, қолдау пікірлер жаудырған.

Еске салсақ, бұған дейін біз динозавр кейпінде некесін қидырған жас жұбайлар жұртты таңырқатқанын жазған едік.

Одан бөлек, ауылдағы танысымен төсек қатынасына түскен жігіт опық жеп қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1883628-stsiz-selfi-zasagan-zigit-gasygyny-kzine-sp-salganyn-bajkatyp-kojdy-foto/

pixel