Динозавр кейпінде некесін қидырған жас жұбайлар жұртты таңырқатты
Опубликовано:

АҚШ-та жас жұбайлар некесін қидыруға әдеттегідей той көйлегін емес, динозавр костюмін киіп келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Қарым-қатынасын заңдастырған екі "динозаврдың" неке қию сәтіне келген куәгер де динозаврдың костюмін киіп алуды ұйғарған.
Бұл оғаш жағдай Пенсильвания штатының Аллентаун қаласында 2018 жылы Хеллоуин мерекесі қарсаңында болыпты. Алайда неке қию сәтінен видео жақында ғана Caters Clips атты YouTube парақшасында жария болып, жұрт назарына іліккен.
Доминик Йост-Мозер пен Чад Мозер есімді жас жұбайдар некесін сот залында қиюды ұйғарыпты. Некені қию міндетін өз мойнына алған төреші бұл жайтты көргенде күліп жібермеуге барын салған.
Рәсім соңында костюмін шешкен күйеу жігіт бетперде тағып алғанымен қалыңдықты таң қалдырып үлгереді. Қалыңдық сүйіктісінен мұндай әрекетті күтпеген болуы керек.
Еске салсақ, бұған дейін біз Ұлыбританияның Стокпорт қаласында жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шығып, дүркіретіп той өткізгенін жазған болатынбыз. Жан жарын табуда жолы болмаған жалғызбасты ана бір жыл бұрын кілем сатып алып, оған ғашық болып қалады.
Одан бөлек, Қытай көшелерінің бірінде кенеттен аспаннан ақша жауғанын жазған едік. Қарша жауған қаражатқа мәз болған тұрғындар дереу қалталарын қампитқан.
Сонымен қатар, 38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өткенін жазғанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882778-dinozavr-kejpinde-nekesin-kidyrgan-zas-zbajlar-zrtty-tayrkatty/