Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 ұлы бар ерлі-зайыптылар ақыры қызды болды (фото)

Опубликовано:

Отбасы
Фото: independenteagle.com

АҚШ-та 14 ұлы бар ерлі-зайыптылардың 15-ші перзенті дүниеге келді. Бұл жолы олар қызды болған деп жазады independenteagle.com.

АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын ерлі-зайыптылар үлкен отбасы болуының арқасында жергілікті тұрғындар арасында танымалдыққа ие болған.

Джей мен Кэтри Швандт бүгінде 14 ұл баланың және бір қыз баланың ата-анасы атанып отыр.

Қыз бала
Фото: independenteagle.com

Ерлі-зайыптылар көпшілікке қолайсыз болған 2020 жыл оларға керемет бақыт сыйлағанын айтуда. Себебі, көп балалы ана көптен күткен қыз баланы дүниеге әкелген.

Қызына Мэгги деген есім берген 45 жастағы ерлі-зайыптылардың балалары қарындасын перзентханадан шығарып алатын сәтте қатты толқыған.

Отбасы
Фото: independenteagle.com

Отбасының 28 жастағы тұңғышы Тайлер Швандт ата-анасы 14 ұл баладан кейін мүлде қызды болудан үміт үзгендерін айтады. Алайда Жаратушы оларға тосынсый жасаған.

Джей мен Кэтри Швандт оқушы кезінен-ақ бір-біріне ғашық болып, 1993 жылы некелерін қидырған екен.

Оқып жүріп, алғашында үш ұлы дүниеге келген қос ғашық бүгінде көп балалы отбасына айналған. Олар балалы болу білімді шыңдауға кедергі келтірмейтінін айқын дәлелдеп бергендей. Бүгінде отағасы заңгер болса, жұбайы әлеуметтік саланың магистрі атанған.

Отбасы
Фото: independenteagle.com

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатында бір отбасында бірден бес сәби дүниеге келгенін жазған едік.

Одан бөлек, Ұлыбританияда коронавирустан комаға түскен ана аман-есен егіздерді дүниеге әкеле алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884306-14-ly-bar-erli-zajyptylar-akyry-kyzdy-boldy-foto/

pixel