Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамханаға атпен кірген жас жұбайлардың әрекеті көптің қызу талқысына түсті (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Өзбекстанда жас жұбайлар тойды ерекше өткізу үшін мейрамханаға атпен кірді. Аталған сәттің видеосы желіде кеңінен таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсуде деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Әлеуметтік желіде тараған видео кадрынан күйеу жігіт пен қалыңдықтың тойхананың ішінде атпен кіргенін байқау қиын емес.

Аталған шоуды мерекелік кешке жиналған барша қонақтар тамашалып, кейбіреулері жастардың бақытты сәттерін ұялы телефондарының камерасына түсіріп жатқаны да роликте көрінеді.

Одан бөлек, музыкалық топтың жанды дауыста ән айтқаны видеоға түсіп қалған.

Бұны көрген желі оқырмандары үйлену тойдың Самарқанд облысында өткенін жарыса жазды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда да карантинге қарамастан той жасайтындардың қарасы әлі де болма азаймай тұр. Мәселен жақында Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан "777 (7 бочек)" мейрамханасында қыз ұзату тойы өткен. Салтанатты шараға шақырылмай кіріп барған тәртіп сақшылары жиында 100-ге жуық адамның болғанын анықтаған.

Полицейлер карантин талаптарын бұзған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырған. Жинақталған іс-құжаттар санитариялық-эпедемиологиялық бақылау басқармасына жолданған.

Сонымен қатар, Семейдегі мобильді топ жаппай іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, той өткізіп жатқан мейрамхананы анықтады. Тексерушілер ғимаратқа кіру үшін суықта екі сағаттан көп уақыт күтуге мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886673-mejramhanaga-atpen-kirgen-zas-zbajlardy-reketi-kpti-kyzu-talkysyna-tsti-video/

pixel