Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

480 мысық пен 12 итті үйіне паналатқан әйел әлем назарын аударды

Опубликовано:

Мәриям
Фото: newsyou.info

Оман мемлекетінің Маскат қаласында тұратын 51 жастағы әйел үйіне 480 мысық пен 12 итті кіргізіп алған деп жазады newsyou.info.

51 жастағы Мәриям Аль-Балушидің үйі мысықтарға толы. Жүрегі кең әйел мысықтардан бөлек иттерді де үйіне паналатқан.

Ұзақ уақыттан бері қожайынсыз қалған жануарларға қамқор болып жүрген әйел бүгінде 480 мысық пен 12 итті үйіне кіргізген деп жазады Oddity Central.

Мәриям
Фото: newsyou.info

Мәриям бастапқыда мысықтарға аса мән бермейтін. Алайда бір күні ұлы үйіне қамқорсыз қалған марғауды алып келеді.

Ұлының жануарға айтарлықтай қарайласпай жүргенін байқаған анасы марғауға қамқор болуды өз қолына алады.

Мәриям
Фото: newsyou.info

Содан кейін төртаяқтыларға ерекше махаббаты мен мейірімі оянған Мәриям өзге қожайынсыз қалған жануарларға көмектесе алатынын түсінеді.

Мысықтар
Фото: newsyou.info

Осылайша барлық жануарларға барынша көмектескісі келген әйел бүгінде үйін жануарлар әлеміне айналдырған.

Еске салсақ, бұған дейін мысықпен бір түн өткізуге мүмкіндік беретін ерекше қонақүй ашылғанын жазған едік.

Мысық
Фото: newsyou.info

Одан бөлек, Жаңа жылды ерекше жерде тойлағысы келетіндер үшін арнайы салынған АҚШ-тағы қонақүй көпшіліктің таңдайын қақтырғанын жазған болатынбыз. Мерекені қарсы алу үшін барынша әсем безендірілген қонақүйде, тіпті тәттілер тарататын "әнші Санта" да бар. Ол таңғы ас кезінде барлық қонақтардың есігін қағып, тәттілер ұсынады.

Мысықтар
Фото: newsyou.info

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888554-480-mysyk-pen-12-itti-jine-panalatkan-jel-lem-nazaryn-audardy/

pixel