Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі миллионер жасырған қазынаны студент тауып алып байлыққа кенелді

Опубликовано:

Қазына
Фото: society.comments.ua

Әйгілі миллионер Форрест Феннің жасырып кеткен қазынасын студент жігіт іздеп жүріп тауып алды деп жазады society.comments.ua.

Миллионер әрі арт-дилер Форрест Феннің қазынасын АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын 32 жастағы студент Джек Стюф тапқан.

Медицина саласында білім алып жүрген студент қазынаны ақыры тауып алғанын тек бірнеше айдан кейін жария етті.

Миллионердің туыстары бұл фактіні растап отыр. Студент қазынаны іздеуге екі жылын сарп еткен.

Қазына
Фото: society.comments.ua

25 күн қауіпті аймақты кезген жігіт ақыры байлыққа кенелген. Жасырынған сандықта алтын, түрлі антиквариаттар және қымбат тастар болған.

2010 жылы Форрест Фенн қазынаны жасырып, оны табудың жолдарын "Дрожь охотника" атты кітабында құпия сөздермен жазып кеткен болатын.

Ол өзі жерленген жерге қазынаны жасырғанын алға тартыпты. Нәтижесінде мыңдаған адам қазынаны іздеуге шығып, олардың төртеуі қаза тапқан еді.

Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда жолы болғыш азамат өзі жалға алған жерден құны шамамен 35 миллилон теңге болатын алмаз тауып алғанын жазған едік.

Жерді қопару кезінде фермер ерекше гауһар тасты байқап қалған. Ол бірден тасты арнайы мамандарға көрсетіп, оның 14,98 караттық алмаз екенін анықтаған.

Сонымен қатар Индонезияда үйінің төбесіне метеорит құлаған көр қазушы кенеттен миллионерге айналғанын жазған болатынбыз.

Индонезиялықтың үйіне футбол добының көлеміндей метеорит құлап түскен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888987-jgili-millioner-zasyrgan-kazynany-izdep-zrip-tauyp-algan-student-bajlykka-keneldi/

pixel