Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақта маска тақпаған екі жасар қызды ата-анасымен бірге шығарып жіберді

Опубликовано:

борт
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-та екі жасар сәбиіне медициналық маска таққызбаған отбасы ұшақ бортынан түсірілді деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға Денвер әуежайында болған. Үш адамнан тұратын отбасы United Airlines әуе компаниясының рейсімен Ньюарк қаласына ұшуды жоспарлаған.

Ұшаққа мінгеннен кейін Элиза Орбан күйеуімен бірге екі жасар қызына масқа тақпақ болыпты. Алайда бүлдіршін қарсыласып, қорғаныш құралын киюден бас тартқан.

Нәтижесінде әуе кемесі көкке көтерілмес бұрын ата-анаға стюардесса келіп, ұшақтан шығуларын талап еткен. Орбанның айтуынша, оның күйеуі қызметкерге жағдайды түсіндірмек болған, алайда ол шешімін өзгертпепті.

Ұшақтан түсуге мәжбүр болған Орбан жиіркену мен қорлауды сезінгенін айтады.

Ал United Airlines компаниясының хабарлауынша, ауе компаниясының бірінші кезектегі міндеті - қызметкерлер мен клиенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігі. Сондай-ақ, екі жастан асқан барлық жолаушылар маска тағуға міндетті екен.

Әуе компаниясы Орбан отбасымен байланысып, билет ақшасы мен жүктерін қайтарып берген.

Еске сала кетсек, АҚШ-та ұшақ қанатына өрмелеп алған жігіт ұшақ қызметкерлері мен тәртіп сақшыларын әбігерге салғанын жазған едік.

Айта кетейік, бұған дейін Германияда тұратын әйел ұшаққа ессіз ғашық болып қалғаны соншалық, оған тұрмысқа шығатынын айтқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889323-sakta-maska-tagudan-bas-tartkan-eki-zasar-kyzdy-ata-anasymen-birge-sygaryp-ziberdi/

pixel