Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушыларына сабақ түсіндірудің оңтайлы әдісін тапқан мұғалім желіде жұлдыз болды

Жарияланған күні:

мұғалім
Видеодан кадр: 120.su

Қытайда оқушыларға сабақ түсіндірудің оңтайлы әдісін ойлап тапқан мұғалім көпшілікті тәнті етті деп жазады 120.su.

Аспан асты елінің Сычуань аймағында итальян тілінен сабақ беретін мұғалім оқушыларға түсіндірудің оңтайлы әдісін тапқан.

Ер адам сөздің айтылуына аса қатты мән береді екен. Сол себепті ол планшет камерасын пайдаланып, аузын барынша үлкейтеді.

Осылайша, оқушылар қандай да бір дыбыстың қалай айтылу керектігін анық көре алады.

Бұл оқыту әдісі күлкілі болғанымен, оқушылар үшін өте пайдалы көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде баласына "бестік" баға талап етіп, мұғалімді балағаттаған ата-ана 80 мың теңгеден аса айыппұл төлеуге міндеттелгенін жазған едік.

Сондай-ақ Орталық Африка Республикасында ағартушылық қызметпен айланысып жүрген қазақ қызы Айман Мәмедалиева жырақтағы жұмысы туралы айтып берген болатын.

Оның сөзінше, Африка құрлығына жолдасының қызмет бабымен көшіп барған. Айман оқушыларына шет тілінен сабақ береді.

"Негізі, бастауыш сыныптарда жұмыс жетіп артылады, апта сайын әртүрлі іс-шаралар атқаруым керек. Мұндағы мектептерде француз тілінде оқытатын­дықтан, тілді тү­сіну жағынан сәл қинала­тыным рас.

Десек те, қазіргі таңда жергілікті маманнан фран­цуз тілін үйреніп жүрмін. Бүгінде французша сөз құрайтын деңгейге жеттім. Негізі, біз – қазақтың қыздары еті тірі жан­дар­мыз ғой (күліп). Кез келген істі дөң­ге­летіп алып кетуге әлеуетіміз жетеді", - деген еді Айман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889567-okusylaryna-sabakty-drys-tsindiru-sin-auzyn-lkejtken-staz-zelide-zldyz-boldy/