24 жастағы бойжеткен шабаданға тұрмысқа шықты (фото)
Жарияланған күні:
Мәскеуде тұратын 24 жастағы Рейн Гордон шабаданға құлай ғашық болып, оған тұрмысқа шығып алды деп жазады mirror.co.uk.
Рейн Гордон жансыз заттарға құштарлығы бала кезінен барын жасырмады. Бойжеткен сегіз жасынан бері түрлі бұйымдарға ғашық болып келген екен. Ол болашақ "күйеуін" дүкен сөресінен алғаш рет бес жыл бұрын жолықтырғанын есіне алды.
Шабаданды сатып алған ару уақыт өте келе бұл затқа ғашық болып қалып, тіпті оған Гидеон деген ат беріпті. Бүгінде бойжеткен ессіз ғашық болып қалған шабаданына тұрмысқа шыққанын мәлімдеді.
"Біз кештер мен түндерде бірге көп уақыт өткіздік. Үш-төрт сағат бойы философиялық әңгіме-дүкен құра алатын күйге дейін жеттік. Біздің рухани байланысымыз бен қарым-қатынасымыз телепатиканың көмегімен жаңа белеске шықты. Мен оны, ол мені естиді, бірақ сыртынан қарағанда монологқа ұқсайды. Гидеон маған жай ғана серіктес емес. Ол күйеуім, досым және ақылшым", - дейді Рейн.
Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін Рейн бұрын ер адамдармен қарым-қатынаста болғанын мойындады, бірақ, айтуынша, олардың ешқайсын Гидеонмен салыстыруға келмейді.
Заттарға ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын ару кез келген бұйымның жаны барына сенімді. Ол, тіпті кезінде жаңа сауда орталығына да ғашық болғанын есіне алды.
Еске салсақ, бұған дейін Германияда ұшаққа құлай ғашық болған әйел оған тұрмысқа шығатынын мәлімдеген еді.
Одан бөлек, Бразилияда ер адам қалыңдығы оны тастап кеткеннен кейін өзіне өзі үйленіп, аста-төк той жасаған болатын.
Сонымен қатар, Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өтсе, өзге жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шыққан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889941-24-zastagy-bojzetken-sabadanga-trmyska-sykty-foto/