"Аленканың" құрметіне қойылған қорқынышты мүсін жұрттың қызу талқысына түсті
Жарияланған күні:
Ресейдің Воронежская облысы Нововоронеж қаласына қойылған "Аленканың" мүсіні жұртты шошытты. Көпшілік оны "Тақтар таласы" телехикаясындағы құбыжықтарға теңеген деп жазады twizz.ru.
"Алёнка" Нововоронежде Новая Алёновка ауылының 250 жылдығына орай қойылған екен. Ірі қалаға айналған ауылдың құрметіне жасалған мүсін жұртты шошытты. Қала әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, мүсінге бюджеттен ақша жұмсалмаған, ал жобаның өзі қаланың ең қарт тұрғындарымен келісілген.
Мүсіннің не себепті қорқынышты болып шыққаны белгісіз. Десе де жұрт оны бірден мемге айналдырып, желіде қызу талқылауға кіріскен.
"2020 жыл қандай болса, Аленка да дәл сондай".
"2020 жылы бәріміз де Аленканың күйін кештік".
"Нововоронеждік Аленка менің бір нәрсені қолға алып, қанша тырыссам да, бәрібір Аленкаға ұқсас дүние жасайтын кездерімді еске салады".
"Қайдағы Аленка? Бұл Мэнсонның құрметіне қойылған мүсін".
"19 ғасырға ұласқан техникалық прогресс".
"Шоколад ребрендингі".
"Плагиат / Қайталанбас түпнұсқа".
Еске салсақ, бұған дейін Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылған еді. Бұл жайт қазақстандықтардың ашуын келтірген болатын.
Одан бөлек, Семейде Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіш елдің ашуына тиген еді. Жеңіс паркінде қойылған мүсін көпшіліктің көңілінен шықпаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890509-alenkany-krmetine-kojylgan-korkynysty-msin-zrtty-kyzu-talkysyna-tsti/