RU

Саябаққа ойыншық көлікпен жетпек болған әйел полицейлерді таңырқатты

Көлік
Скриншот: Universal Media Online

Қытайда бастығының тапсырмасын орындамақ болған қызметкерді полиция тоқтатты деп жазады "АвтоЦентр" сайты.

Басылымның жазуынша, Қытайдың Цюаньчжоу қалалық округінде тұратын келіншек қызғылт түсті ойыншық көліктің рөліне отырып, саябаққа жетпек болған.

Өзге көліктерден қалыспай, жолға шыққан ойыншық көлік бірден полицияның назарын аударған.

Жарқын шамдармен безендірілген кішкентай пластик көлік қиылыста оңға бұрыла берген сәтінде камераған түсіп қалған екен. Бұл жайтты көрген тәртіп сақшылары аң-таң болғандарын жасырмайды.

Белгілі болғандай, жол жүру ережесін өрескел бұзған әйел ойыншық көліктерді сататын дүкенде жұмыс істейтін Ли есімді қызметкер болып шықты.

Ол полицияға ұсталған сәтінде басшының тапсырмаларын орындап жүргенін алға тартқан. Бастығы оған қызғылт түсті көлікті саябаққа жеткізуді тапсырыпты.

Олар саябақта демалушылардың балаларына көлікті жалға беруді жоспарлапты.

Уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әйел көлікті басқару арқылы діттеген жеріне жеткізуге шешім қабылдаған екен. Алайда полиция оны тоқтатып, нәтижесінде Лиге қатаң ескертпе жасалып, көлігі тәркіленген.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы көшесінің қақ ортасында атқа мініп, тағам жеткізбек болған жігіт жұртты таңырқатқанын жазған едік.

Алматы Полиция департаментінің өкілі атпен тағам тасыған жігітті полицейлер тоқтатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890913-zmysyna-ojynsyk-klikpen-zetpek-bolgan-jel-policejlerdi-tayrkatty/