RU

Құстарды бақылау үшін далаға шыққан ер адам ойда-жоқта мол байлыққа кенелді

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбритания тұрғыны серуендеп жүріп құны шамамен 800 мың фунт стерлинг (456 миллион теңге) болатын қазына тауып алды деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның хабарлауынша, ер адам құстарды бақылау үшін далаға шыққан. Бір кезде батпақтың арасынан "көне дискіге" ұқсас ерекше жылтыраған затқа көзі түседі.

Мұны көрген ол металл іздеушіге жүгінген. "Көне диск" кельт қазынасына толы құмыра болып шыққан.

"Бұл сәтті мен өмір бойы ұмытпаймын", - дейді ер адам.

Құмыраның ішінен шамамен біздің дәуіріміздің 40-50 жылдары жасалған мыңға жуық монета табылған.

Қазір сарапшылар қазынаны тексеріп жатыр. Мамандардың бағалауынан кейін ер адам монеталарды музейге сата алады немесе өз қалауына қарай пайдалана алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін әйгілі миллионер Форрест Феннің жасырып кеткен қазынасын 32 жастағы студент Джек Стюф іздеп жүріп тауып алғанын жазған едік.

Сонымен қатар Үндістанда жолы болғыш азамат өзі жалға алған жерден құны шамамен 35 миллилон теңге болатын алмаз тауып алғанын жазған едік.

Жерді қопару кезінде фермер ерекше гауһар тасты байқап қалған. Ол бірден тасты арнайы мамандарға көрсетіп, оның 14,98 караттық алмаз екенін анықтаған.

Сондай-ақ Индонезияда үйінің төбесіне метеорит құлаған көр қазушы кенеттен миллионерге айналғанын хабарлаған болатынбыз.

Индонезиялықтың үйіне футбол добының көлеміндей метеорит құлап түскен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890931-kstardy-bakylau-sin-sykkan-er-adam-ojda-zokta-mol-bajlykka-keneldi/