Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты жұқтыру қаупін 250 пайызға арттыратын фактор анықталды

Опубликовано:

Бетперде таққан адамдар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ұйқы медицинасы орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Александр Калинкин "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында коронавирусты жұқтыру қаупін 250 пайызға арттыратын факторды атады деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның айтуынша, ұйқының жетіспеуі адамның иммундық жүйесіне кері әсер етіп, вирустық инфекцияларды, оның ішінде коронавирусты жұқтыру қаупін арттыра түседі.

"Ұйқы мен иммунитет синоним болып табылады. Ұйқының төмендеуімен иммунитет күрт төмендейді, ал егер адам бес сағаттан аз ұйықтаса, кез келген вирустық инфекцияны жұқтыру ықтималдығы жеті сағаттан артық ұйықтайтындармен салыстырғанда 250 пайыздан асады. Ұйқы - өте маңызды, ол біздің иммунитетімізді қамтамасыз етеді", - деп түсіндірді Калинкин.

Ұйқының сапасын жақсарту үшін ол бір уақытта тұрып-ұйықтауға, сондай-ақ оятар сағаттан бас тартуға кеңес берді.

"Көптеген адамдар үшін жеті сағаттан тоғыз сағатқа дейін ұйықтау - қажетті норма болып табылады" , - дейді дәрігер.

Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар өмір жасын ұзартатын әрекетті анықтаған еді.

Сонымен қатар, атақты педиатр және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирусты жұқтырмаудың тиімді әдісі туралы айтып берген болатын. Дәрігердің пікірінше, коронавирусты жұқтыру ықтималдығы екі фактормен тығыз байланысты.

Одан бөлек, ғалымдар еттен бас тартудың денсаулыққа зиян екенін айтып дабыл қаққан еді. Оксфорд университетінің ғалымдары ет жеуден бас тарту сүйектің сыну қаупін арттыратынын анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894266-koronavirusty-zktyru-kaupin-250-pajyzga-arttyratyn-faktor-anyktaldy/

pixel