jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Жер шарының әр түкпірінде жасырынған тайпалар мен ұлттар

Фотограф
Фотограф Джимми Нельсон және оның модельдері. Фото: South West News Service

Британиялық фотограф Джимми Нельсон өз өмірінің көп бөлігін саяхаттау мен өркениет жете қоймаған байырғы тайпалармен танысуға арнайды. Оның адамдармен тез тіл табысуы, бізге таңсық әлеммен танысуға құштарлығы таңқаларлық портреттер сериясын жасауға себеп болған деп хабарлайды Bigpicture.ru.

Джимми Нельсон – әйгілі ағылшын фотографы және "Олар жоғалып кетпейінше" және "Адамзатқа тағзым" кітабының авторы.

Джимми әлемді шарлап, жер шарының әр түкпірінде жасырынған шағын тайпалар мен ұлттарды суретке түсіреді.

Нельсонның айтуынша, әртүрлі тілде сөйлесе де, барлық халық бірдей. Алайда, мұндағы ең маңыздысы әр халықтың бір-біріне ашық болып, сүйіспеншілікпен қарай білуі.

Джимми түсірген суреттер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Латмул тайпасының жауынгері, Папуа – Жаңа Гвинея

Латмул тайпасының жауынгері
Фото: South West News Service

Аңшы қазақ, Моңғолия

Аңшы қазақ
Фото: South West News Service

Хули Вигман тайпасындағы ер адам, Папуа – Жаңа Гвинея

Папуа
Фото: South West News Service

Биаша Мяо атқыштар тайпасындағы ер адам, Қытай

Китай
Фото: South West News Service

Маркиз аралдарының тұрғыны, Солтүстік Француз Полинезиясы

Тайпа мүшесі
Фото: South West News Service

Оахака матриархалды тайпасындағы әйел, Мексика

Тайпа мүшесі
Фото: South West News Service

Нгалоп тайпасының мүшесі, Бутан

Тайпа мүшесі
Фото: South West News Service

Хули тайпасындағы әйел, Папуа – Жаңа Гвинея

Тайпа мүшесі
Фото: South West News Service

Сапотектер тайпасындағы боянған әйел, Мексика

Тайпа мүшесі
Фото: South West News Service

Еске салсақ, бұған дейін жаңа сәннен қалғысы келмеген жастар жаппай мұрнына тату салдыра бастағаны туралы жазған едік.

Кейде жастар көптің таңданысын тудыратын өзгерістерге барудан тайынбай жатады.

Дәл осындай тенденцияның жарқын үлгісі ретінде мұрнына жарыса тату салдырып жатқандарды мысалға келтіруге болады. Олар мұрнының үстіне түрлі суреттерді татудың көмегімен салдырып, суреттерін желіде жариялауда.

Жер шарының әр түкпірінде жасырынған тайпалар мен ұлттар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.